Меню KDT

Жаңалықтар
 

Түлектермен кездесу.

2018 жылдың 11 маусымында Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебінде "Түлектермен кездесу" атты үлкен іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараға мектептің барлық мұғалімдері мен оқушылары, мектеп бітіргендеріне 5,10,15,20,25,30,35,40,45,50 жыл болған түлектер белсене қатысты. түлектер түскі сағат 14.00-де жиналып, сапқа тұрып, әр түлектердің старосталары жиналу туралы мектеп директоры Тажмиева А.К.-ға есеп берді. Әр түлектерден құттықтау сөздері айтылды, мектепке ескерткіш сыйлықтарын тарту етті. Жиылыс соңынан кейін әр түлектерге арналған сынып сағаттары өткізілді. түлектермен кездесу өте қызықты да, тартымды өтті. Көптен бері бір-бірін көрмеген түлектер өзара шүйіркелесіп, кейіннен дастархан басында бас қосып, мектеп кезінде өткен қызықты сәттерін еске алысты. Және де мектепте Қали Хадесұлына ескерткіш бюст салтанатты түрде ашылды. Соңынан түлектер мектеп оқушылары дайындаған салтанатты концертті тамашалады.

Просмотров: 372

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда10
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки